ЖАЛПЫ

lat: JALPY

сын. Барлығына қатысты, көпшілікке қатысты, ортақ. Мектептен оқып шыққандар шетінен тоғышар, ж а л п ы бұқара тұрмысынан хабарсыз, іске олақ, шаруаға зейінсіз келетін (М.Дулатов, Шығ.). Ой процестері заттар мен құбылыстардың ж а л п ы қасиеттерін бейнелеп, сөздің материалды негізінде жүзеге асады (М.Мұқанов, Педагогика. очерк.). Ж а л п ы долбармен үстірт суреттеу-ден, көргенді көрген түрінде жазушылықтан, он жылда идеяны әлсіретіп жіберуден Асқар құр емес (С.Ерубаев, Шығ.). Ж а л п ы н ы ң орнына жалқыны қолдану: Бүкіл адам баласы деген байтақ ұғымды «адам» деген жеке сөздің өзі-ақ білдіріп тұр (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). // Бүкіл, барлық. «Адамды аман алып қалу міндетін қатты ұстаған дәрігерын дәрігер, жақсы адам» деймін. Бұл ойым ж а л п ы дәрігерлерді бағалаудан көрі басқа жағдайға көшеді (І.Есенберлин, Алтын құс). Романда әйелдер көп. Солардың әрқайсысы қазақ әйелінің бірер қасиетіне ие болып, ж а л п ы с ы н қосқанда қазақтың әйел қауымының жиынды образын беретін сияқты (І.Омаров, Шабыт.). Соғысқа дейін міндетті әскер қызметін атты әскер бөлімінде атқарған едім, бірақ онда зеңбірек дегенді көргеніміз болмаса, ату техникасын, ж а л п ы тетігін үйренген емес едік (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). // Тұтастай, толығымен. Жоғарыда айтқандарыма байланысты, оның программасын ж а л п ы іске асыруға және атап айтқанда шығыс мәселесі бойынша программасын жүзеге асыруға көмектесу үшін Россия Коммунистік большевиктер партиясына өтуге шешім қабылдадым, ол үшін Комитеттің мені РКП(б) мүшелерінің қатарына алуын өтінемін (А.Байтұрсынов, Шығ.).