ЖАЛПЫЛАУ

lat: JALPYLAÝ

Жалпыла етістігінің қимыл атауы. Ақыл қызметінің осы айтылған жолын бөлімдерден бүтінді қүрау, жеке мағлүматтардан қорытып, жалпы ұғым, жалпы ереже, жалпы заң шығару, жалқыдан жалпыға көшу, бір сөзбен ж а л п ы л а у (индукция) деп атайды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ж а л п ы л а у дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру (Қ.Жарықбаев, Психология). Ой операциясының тағы бір түрі ж а л п ы л а у (С.Мұқанов, Бақылау.).