Жалпылық, абстрактылық

lat: JALPYLYQ

з а т. Жалпыламалық, көпке қатыстылық.

Адам «ағаш», «тас» деген дара түсініктерден жалпылықты ашады (З.Ақназаров, Ғылыми атеизм.).

Енді ол өзінің баяғы тартқан азабы емес, бүкіл адам баласының өмірі мен өлімін мегзейтін философиялық туынды болып, енді өз басының нақтылығы жалпылыққа ауысады (С.Мәуленов, Үркер.).

Әрине, өлеңнен жалпылық, белгілі жайларды баяндау, жалаң сипаттау сияқты жайлардың байқалуы мүмкін (Ф.Оразаев, Басты.).