lat: JALQAÝ
с ы н. Жұмысқа мойны жар бермейтін еріншек, бойкүйез, кежір.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шүң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
- Құлдарын құдай сүймес жалқау болған (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Сақтанбай салақ өскен жалқау жұртты,
Көндіріп кедейлікке жеткендігін?
Ақылын жанашырдың алмаушы едің,
Сөзіне, сірә, құлақ салмаушы едің (М.Дулатов, Шығ.).
Шірімес алтын жерде жатқанменен,
оқ өтпес ажалсызға атқанменен.
Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес,
Тас жібімес дарияға батқанменен (Қаз. ақын. шығ.).
Батыры көксер бас аман;
Бәйбіше – тантық, бай - сараң;
Бозбаласы - бошалаң;
Қырсыға туды қыз балаң;
Нары -жалқау , кер табан;
Құсы - күйшіл, атшабан (Дулат Бабатайұлы, Замана.).