Жалыныш

lat: JALYNYSH

з а т. Қиыла сұраған тілек, өтініш.

- Жыламашы, апа. Неге жылайсың? Мен жазылып кетермін әлі-ақ, - деп Саян шешесіне жалынышпен сөйледі (С.Шаймерденов, Мінез).

Бітеді-ау деп қызығым,

Білдірмеймін жалыныш.

Махаббаттың қызуын көтереді сағыныш (Қ.Мырзалиев, Көш.).

Келіншектің жалынышын Аяздан бұрын Ақжол ат бұрын түсінгендей Жол аяңға түсті, екі адамды ауырлап діңкелеп келеді (Ә.Тарази, Қиян-соқпақ).