зат. Қиыла сұраған тілек, өтініш. -Жыламашы, апа. Неге жылайсың? Мен жазылып кетермін әлі-ақ, - деп Саян шешесіне ж а л ы н ы ш п е н сөйледі (С.Шаймерденов, Мінез). Бітеді-ау деп қызығым, Білдірмеймін ж а л ы н ы ш. Махаббаттың қызуын көтереді сағыныш (Қ.Мырзалиев, Көш.). Келіншектің ж а л ы н ы ш ы н Аяздан Бұрын Ақжол ат бұрын түсінгендей Жол аяңға түсті, екі адамды ауырлап діңкелеп келеді (Ә.Тарази, Қиян-соқпақ).