Жалынышты

lat: JALYNYSHTY

с ы н. Біреуге тәуелді, бағынышты, кіріптар.

Салынба, қылсаң-дағы сан құмарлық,

Алдыңда уайым көп шошынарлық.

Жарлылық, жалынышты жалтаң көздік,

Сүйкімі, икімі жоқ шалдуарлық бай, Тол. жин.).

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы бай, Тол. жин.).

Ғанидың дауысы жан алқымға тығылғандай әрі ышқына, әрі жалынышты түрде дірілдей шықты (М.Иманжанов, Көк белес).

Төзе алмай аптап-жылан шағуына

Көлеңке тығылады бауырына.

Қой жайып талма түсте жас бала жүр,

Жаутаң көз, жалынышты бай ұлына (М.Әлімбаев, Бал дәурен.).