сын. Біреуге тәуелді, бағынышты, кіріптар. Салынба, қылсаң-дағы сан құмарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық. Жарлылық, ж а л ы н ы ш т ы жалтаң көздік, Сүйкімі, икімі жоқ шалдуарлық (Абай, Тол. жин.). Бай ұлына жалшы ұлы ж а л ы н ы ш-т ы, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы (Абай, Тол. жин.). Ғанидың дауысы жан алқымға тығылғандай әрі ышқына, әрі ж а л ы н ы ш т ы түрде дірілдей шықты (М.Иманжанов, Көк белес). Төзе алмай аптап-жылан шағуына Көлеңке тығылады бауырына. Қой жайып талма түсте жас бала жүр, Жаутаң көз, ж а л ы н ы ш т ы бай ұлына (М.Әлімбаев, Бал дәурен.).