ет. 1. Тозығы жеткен затты жөндеп тігу, жамау салып бүтіндеу. Менің тамағым аш емес. Киімімді де апай ж а м а п-ж а с қ а п береді (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). Бір-екі рет ол Сержанның кірлеп кеткен киімдерін алып қалып, жуып, жыртықтарын ж а м а п-ж а с қ а п та берді (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек). 2. Қираған, сынған заттарды бүтіндеп жөндеу, түзетіп ұқсату. Игілік Сандыбайға: -Бір қыс біздің үймен дәмдес болып, арба-шанамызды ж а м а п-ж а с қ а п берсең, бір-екі құлынды алар едің,-дейді (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). Ол ешбір сынған нәрсесін керексіз деп тастай салмай ж а м а п-ж а с ц а п пайдаға асырады (С.Мұқанов, Алып. адым.).