ЖАМБЫ АТУ

lat: JAMBY ATÝ

Биік бағандағы жамбыны ат үстінен ататын спорт ойыны. Қазақ, қырғыз халықтарының арасында ертеден тараған спорт ойыны. Мұнда биік бағанаға ілінген күміс жамбыны ат мінген жігіттер сапта тұрып не шауып келе жатып белгілі қашықтықтан (садақпен, мылтықпен) атады. Жамбыға не ол ілінген жіпке тигізіп, оны атып түсірген адам жеңген болып есептеледі. Мергендікке, ел қорғауға дайындайтын тәрбие түрінің бірі.