lat: JAMYLǴY
з а т. 1. Жұқа матадан, жібектен істелген жапқыш.
Немерелерінің жамылғы көрпелерін түзеп, «Алла белім» деп қойып ауызғы бөлмеге бет түзеді (М.Сүндетов, Ескексіз.).
Нәскен жігіт астындағы ақ жамылғыны еппен сыпырып алып, қағып-сілікті де, қайта орнына жапты (З.Шүкіров, Ізгілік.).
Сол сәтте аппақ жібек жамылғы екі айрылып, ақырын сусып жерге түсті (С.Досанов, Қыран.).
3. Көрпе.
Түйенің үстіндегі жабағы жүннен күпі, жамылғы жасайды, Бастың, мойынның, өркешінің ұзын жүнінен (шуда жүн), киіз, жабағы, саба, торсық, қалта, көнек т.б. заттар салатын жасау үшін жіп алынады (Мұса Шорманов).
3. Бүркеніш зат, таса, қалқа. Зағипаның да жалғыз жаяу қашқаны жақсы болды, ойда қамыс, өрде қарағай оған жамылғы (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.).
Жаз болса, қызыл шоқы төбелер асудай-ақ көлденең сұлап жатып алады да, қысты күні жамылғы жамылады (Ғ.Сланов, Замана.).
Абырой бергенде өртенген дүкеннен желмен шалқыған көк түтін оған жамылғы болып, оны ешкім көрген жоқ (С.Мұқанов, Ботагөз).
4. б и о л. Сыртқы қабық, қабыршақ.
Жануарлардың жамылғы тканьдерінің клеткалары сопақ, жалпақ болады да, үстіңгі тығыз қабатты құрайды (Жалпы биология).
Агрономдар жалпы жер жағдайын, жеке дақылдардың орналасуын, топырақ жамылғысын жақсы біледі (С.Жортанов, Өлке тану.).
Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық әдіспен игерген кезде жер бедерінде, оның өсімдік және топырақ жамылғысында айтарлықтай өзгерістер туады (Т.Қалыбеков, Экология.).
География мен биология бір-біріне өте жақын пәндер, табиғат компоненттерінің бірі болып есептелетін өсімдік - топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесі биология пәндерінде толық оқытылады (С.Жортанов, Өлке тану.).
5. а у ы с. Қорғаныш, пана.
Баяндама да қызық болды. Өйткені ол бір конторға бастық қой, біреуі жамылғы, біреуі жастық болды (А.Тоқмағамбетов, Өмір.). //
Жалған, жасырын. Бірқатар адамдар белгілі романист жамылғы аттан арылғаннан кейін аз жазатын болды деседі («Соц. Қаз.»).