ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ

lat: JANÝARLAR DÚNIESİN QORǴAÝ

жануарлар дүниесін, олар мекендейтін ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін орнықты пайдалану мен өсімін молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар кешені («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі 593 ҚРЗ 1-бап)