ЖАНҒЫШ

lat: JANǴYSH

с ы н. Тез тұтанғыш, от алғыш.

Барлық солдаттар оқ-дәрі взводына барып, екі жәшік жанғыш сұйық зат алдық. Сөйтіп ымырт жабыла көпір аузына келдік (Ә.Нұршайықов, Батыр.).

Үш сағаттан кейін құрамында бензин, керосин, дизельдік жанармай және жанғыш газы бар сұйықтық алған («Зерде»).

Жанғыш бөтелкелер бірнеше жолбарыстардың жанын жаһаннамға жіберді (Е.Естаев, Өмір.).

Пайдалы қазбалар: бей металды жанғыш (көмір, торф және т.б.) пайдалы қазбалар және құрылыстық тау жыныстары болып бөлінеді (Т.Қалыбеков, Экология).