lat: JANǴYSHTYQ
з а т. Материалдың (заттың, қоспаның, құрылымның) ауа қалыпты құрамда болатын ортада өз бетімен жануға қабілеттілігі.
Жанғыштығы бойынша материалдар мынадай топтарға бөлінеді: жанбайтын материалдар, жануы қиын материалдар, жанатын материалдар және оңай тұтанатын материалдар (Қаз. тілі термин. Кен.).
Заттың жанғыштығы оның агреаттық күйіне, ұнтақталу дәрежесіне, сондай-ақ, жүйе параметрлеріне (көбінесе, температура мен қысымға) байланысты (ҚҰЭ). Бұйымның жанғыштығы оның пішініне, өлшеміне және құрамындағы жанғыштығы әртүрлі заттардың өзара орналасуына байланысты (ҚҰЭ).