зат. Материалдың (заттың, қоспаның, құрылымның) ауа қалыпты құрамда болатын ортада өз бетімен жануға қабілеттілігі. Ж а н ғ ы ш т ы ғ ы бойынша материалдар мынадай топтарға бөлінеді: жанбайтын материалдар, жануы қиын материалдар, жанатын материалдар және оңай тұтанатын материалдар (Қаз. тілі термин. Кен.). Заттың ж а н ғ ы ш т ы ғ ы оның агреаттық күйіне, үнтакталу дәрежесіне, сондай-ақ, жүйе параметрлеріне (көбінесе, температура мен қысымға) байланысты (ҚҰЭ). Бұйымның ж а н ғ ы ш т ы ғ ы оның пішініне, өлшеміне және құрамындағы жанғыштығы әртүрлі заттардың өзара орнала-суына байланысты (ҚҰЭ).