зат. І.кіт. Еңбек үдерісінде құрал-сайман өндіретін кісі иесі ретіндегі адам. Әр ж а н ғ а шаққанда екі данадан келеді (Ауызекі). 2. Адам, кісі. Ас үстінде менің байқағаным: осы бір тап-тар бөлмедегі төрт ж а н н ы ң өзара бір-біріне деген тәтті махаббаты (С.Мұқанов, Өмір мектебі). Біз де көрдік оғының атқан жерін, Қай жерге оғы түсіп жатқан жерін, Әр ж а н н ы ң өзіндік бір келбеті бар, Бәрекелді, шіркіннің тапқан жерін! (Ақмолла ақын, Күндер.). Тоқбике еш уақытта да байлықты арман еткен ж а н емес. Тек адамдықты арман етеді (Д.Әбілев, Арман.). Қол-аяғынан әл кетіп, ол қасындағы бір әйелге сүйенді. Оны бір ж а н жұбатқан жоқ (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). 3. Бірде-бір адам, ешкім. Мәукіл телефонды орнына қойып, үлкен көзі аларыңқырап, жан-жағына қараса, өзінен басқа ж а н жоқ екен (С.Бегалин, Уақыт.). Сенісер-ге ж а н таба алмай, Сенделеді ит жүрек. Тіршілікте бір қана алмай, Бұл не деген тентірек (Абай, Тол. жин.). Тойына шақырмаған ж а н қалмаған, Түлкі, қарсақ, құлан, киік, суыр, қоян. Қасқыр, аю, бұғы, марал, борсық, тышқан -Хайуанның жыбырлаған бәрі барған (М.Дулатов, Шығ.).