ЖАН

lat: JAN

(ағыл. soul; грек. psuxe\ лат. anima; қаз. жан. pyx) адамның және хайуанаттардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етіп тұратын рухани қуаты. Жанның заттық қасиеті жоқ болғандықтан, оны танып-білу мүмкіндігі шектеулі. Аристотель: жан тәннің формасы, жан мен тән бірлікте, Жан тәннің бөлшектерін үйлестіріп басқарып тұрады дейді. Жан туралы қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Мәселен, С. Торайғыров дене азыққа тоюдан Жан ержетер, Жан ержетіп дүниенің сырын табар десе, Ш. Құдайбердіүлы жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр" дейді. Мұндай пікірлер қазак фольклорында да, әсіресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. (“Тән ауырса, жан да ауырады”,Жан бар жерде қаза бар”, “Жан кеудеге қонақ.” т.б.) Аннафе алинсанийа “адам жаны”.Әл Фарабидің пікірінше, жан болмыстың төртінші сатысы. Жан туралы мәселелер, оның “даналық таңба тастар және мәселелердің мәні” деген трактаттарында айтылады. Адамның жанында әртүрлі қабілеттер немесе күштер болады. Негізгі күштерге “Қуат беруші күш”, “Түйсіктендіруші күш”, “Елестетуші күш”, “Парасатты немесе ойлаушы күш“, “Қозғаушы күш”, “Талпынушы немесе талпындырушы күш” т.б. болады. Әл Фараби дене мүшелерінде болып жататын белгілі бір материалды құбылыстармен байланыстыра қарайды. Жанның ақылға қонымды жағы туралы “Екінші ұстаз әл Фарабидің“интеллект” сөзінің мағынасы туралы пайымдауларында айқын баяндалды. Ол елестетуші күштің түс көруге әсерін ашып, бұған байланысты аян беруді шын түс деп түсінеді. Осы заманғы психология түс көруді әдеттегі психикалық, әрекеттің ерекше бір ұйқы кезіңдегі жалғасы дейді. Ғылыми психологияда Жанды кейде психика ұғымының синонимі ретінде де қарастырады.