адамның психологиялық сипаттары мен психикалық процестерінің алуан түрлі болып, неше алуан қызмет атқаруы мен олардың көрінісін ұлы бабамыз, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби жан қуаттары деп атаған және оларға сол замандағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, адамның бойындағы жеке мүшелердің атқаратын қызметін де дәйектеп түсіндірген. Психикалық процестер болып саналатын сезім мен түйсік, сөйлеу мен ойлау, жігер мен ерікті әрекеттердің бәрі жан қуаттары деп есептеледі. Жан қуаты материалистік және идеалистік діни бағыты бар екені философия ғылымындағы ертеден келе жатқан біріне-бірі қарама-қарсы дүниетанымдық көзқарас. Жан жайындағы түсінік психологияда ішкі ойсана сарайы. Ал ауыспалы мағынадағы жан түсінігі діни тұрғыдан қарағанда адамға, жан-жануарларға тіршілік беретін рух. Мұндай көзқарас бойынша, адамның тәні бар және жаны болады деген сенім болған. Адамның жан дүниесінің сыры объективті дүниенің субъективті бейнесі деп түсіну бірыңғай материалистік тұрғыдағы дұрыс түсінік болып табылады. Жантәнмен бірге тіршілік етеді. Бұл организмнің табиғи өмір сүруі шындық фактор.