ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҚ

lat: JAN-JAQTYLYQ

з а т. 1. Әржактылық, барлығына бірдейлік, бес аспап.

Мамандар команда ойыншыларында техникалық жан-жақтылық жоқ екендігін, қарсыласымен тең бәсеке үстінде психологиялық шыдамдылық жоқтығын айтуда («Лен. жас»).

2. Барлығын қамтушылық.

Егер «жан-жақтылық» деген ұғымның ар жағында лирикада көрінетін өмір фактілерінің, адам характерлері мен тағдырларының молдығы деген ұғым тұрса, онда мұндай «жан-жақтылық» лирикаға мүлдем қарама-қайшы («Қаз. Әдеб.»).

3. Барлығын ескерушілік, жақсы дайындық .

Ұрыс сәттілігі - алдымен барлаудың жан-жақтылығына, дәлдігіне, шындығына, нақтылығына байланысты (Ә.Бектемісов, Майдангер).