ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҚ

lat: JAN-JAQTYLYQ

зат. 1. Әржактылық, барлығына бірдейлік, бес аспап. Мамандар ко-манда ойыншыларында техникалық ж а н-ж а қ т ы л ы қ жоқ екендігін, қарсыласымен тең бәсеке үстінде психологиялық шыдамдылық жоқтығын айтуда («Лен. жас»). 2. Барлығын қамтушылық. Егер «ж а н-ж а қ т ы л ы қ» деген ұғымның ар жағында лирикада көрінетін өмір фактілерінің, адам характерлері мен тағдырларының молдығы деген ұғым тұрса, онда мұндай «жан-жақтылық» лирикаға мүлдем қарама-қайшы («Қаз. Әдеб.»). 3. Барлығын ескерушілік, жақсы дайындық. Ұрыс сәттілігі -алдымен барлаудың ж а н-ж а қ т ы л ы ғ ы н а, дәлдігіне, шындығына, нақтылығына байланысты (Ә.Бектемісов, Майдангер).