ЖАНА

lat: JANA

(1) сын. Ардақты, аяулы * Жақсының еді жанасы .Шөреков). (2) . Сегіз жасар бүркіт. Жасына қарай бүркіт былай айтылады: бір жас - балапан, екі жас - қан түбіт, үш жас - тірнек, төрт жас - тастүлек, бес жас - мұзбалақ, алты жас - көктүбіт, жеті жас - қана, сегіз жас - жана, тоғыз жас - майтүбіт, он жас - барқын, он бір жас - баршын, он екі жас - шөгел.