ЖАНАРМАЙ

lat: JANARMAI

з а т. х и м. Әртүрлі көмірсутек қоспаларынан тұратын сұйық отын.

Жанармайға бензин, жермай (керосин), мазут, т.б. жатады (ҚҰЭ).

Жанармайдың кезегінде тұрып шаршаған бір танысымның: «Инженер тапқырлар осы ауамен, сумен жүретін мәшине ойлап таппас па екен?!» деп қынжылғаны бар еді («Зерде»).

Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бір де бір ұшақ көкке көтеріліп, бір де бір кеме суда жүзе алмаған болар еді (А.Мырзабаев, Хим. қызығы.).

Жанармаймен жүретін осы текше метрлік шөміші бар жәутік экскаватор пырылдап, тынбай жүріп, мәшинелерге топырақ тиеп жатыр (Ш.Мұртазаев, Интернат.).