зат. хим. <франц. Ъеп2Іпе> Әртүрлі көмірсутек қоспаларынан тұратын сұйық отын. Ж а н а р м а й ғ а бензин, жермай (керосин), мазут, т.б. жатады (ҚҰЭ). Ж а н а р м а й д ы ң кезегінде тұрып шаршаған бір танысымның: «Инженер тапқырлар осы ауамен, сумен жүретін мәшине ойлап таппас па екен?!» деп қынжылғаны бар еді («Зерде»). Егер химиктер ж а н а р м а й д ы өңдеп бермесе, бір де бір ұшақ көкке көтеріліп, бір де бір кеме суда жүзе алмаған болар еді (А.Мырзабаев, Хим. қызығы.). Ж а н а р м а й м е н жүретін осы текше метрлік шөміші бар жәутік экскаватор пырылдап, тынбай жүріп, мәшинелерге топырақ тиеп жатыр (Ш.Мұртазаев, Интернат.).