ЖАНАСУ

lat: JANASÝ

Жанас етістігінің қимыл атауы; жақындасу, жуықтасу.

Әкімшілік сатысының жоғарырақ басқышында тұрғандарға жанасуды Құдайберген мәртебе көретін (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).

Ушаков, Игілік сияқты адамдармен енді жақын жанасуды арман ете бастап еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).

Білмейсің ғой, қайным-ау, аға сырын,

Жаратпайды ол басқаның   жанасуын.

Жаратпайды басқаның таласуын,

Таратпайды ол басқаға бар асылын (М.Мақатаев, Шығ.).

Алайда мұндай аллергендермен күнделікті жанасу арқылы көп жылдар бойы қызмет ететіндердің демікпемен тек аздаған ғана проценті ауырады (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.).