ЖАНАСУ

lat: JANASÝ

Жанас етістігінің қимыл атауы; жақындасу, жуықтасу. Әкімшілік сатысының жоғарырақ басқышында тұрғандарға ж а н а с у д ы Құдайберген мәртебе көретін (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.). Ушаков, Игілік сияқты адамдармен енді жақын ж а н а с у д ы арман ете бастап еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Білмейсің ғой, қайным-ау, аға сырын, Жаратпайды ол басқаның ж а н а с у ы н. Жаратпайды басқаның таласуын, Таратпайды ол басқаға бар асылын (М.Мақатаев, Шығ.). Алайда мұндай аллергендермен күнделікті ж а н а с у арқылы көп жылдар бойы қызмет ететіндердің демікпемен тек аздаған ғана проценті ауырады (Б.Айтқожина, Бронх демікпе.).