lat: JANDYRÝ
Жандыр етістігінің қимыл атауы. 1. От жағу, пешті қосу. -
Жақында мартен пешін бу аралас үрлеп жандыру өнімді де қолайлы деп, мен ұсыныс енгізген едім (З.Шашкин, Теміртау).
2. а у ы с. Қайта қолға алу.
Фарабиді бетке ұстап, әкемнің Бұқар әмірінде кеткен кегін қайыра жандыруды мақсат еткем (Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай).
3. п о э т. Күйдіру.
Аяз қарып, аптаптың жандыруы-ай,
Бірі шаттық, бірі мұң қалдыруы-ай.
Не туары белгісіз жүкті әйелдей,
не болары белгісіз тағдырым-ай! (М.Мақатаев, Шығ.).