зат. 1. Дау, шатақ, ұрыс-керіс. Екі жаман қосылса, Күнде ж а н ж а л, күнде шу, Ұяларлық ар бар ма (Бес ғасыр.). Қадірін ауырғанның білмейді сау, Жылымшыған ж а н ж а л д а н жақсы екен жау (Бес ғасыр.). Осы кездесуді қалаған Айғанша еді. Үйдегі ж а н ж а л д а н кейін айтары көп сияқтанып асығып болған (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Бақытыңа кез бопты долы қатын, Мұны алған ер ж а н ж а л ғ а молығатын, Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас, Бір үй түгел, бір ауыл торығатын (Шал ақын, Өлеңд.). Жігіттер, ала көрме долы қатын, Оны алған бір ж а н ж а л ғ а жолығатын. Біреуменен ұрысса жеңбей қоймас, Біреу түгіл бір ауыл зорығатын (Шал, ақын, Өлеңд.). Төбелес, ж а н ж а л, керіс әңгімеге, Құмар-ақ болып кетті біздің халық (М.Дулатов, Шығ.). 2. с а я с и. Қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қордаланған өткір проблемалардың, халықаралық кикілжіңдердің дер кезінде реттелмеуінен туындайтын, әртүрлі қақтығыстар. Көбінесе, қоғамдағы ж а н ж а л саяси, экономикалық дағдарыс кезінде, не жедел дамыған әлеуметтік өзгерістер барысында орын алады (ҚҰЭ). Қоғамда саяси мәдениет қалыптастыру, ортақ әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды орнықтыру -ж а н ж а л д ы болдырмаудың негізгі жолы болып есептеледі (ҚҰЭ). АҚШ аймақтардағы шиеленістер мен ж а н ж а л д а р ғ а байланысты әскери қимылдарға еркін кірісе бастады («Егемен Қазақстан»).