ЖАҚСЫЛЫҚ

lat: JAQSYLYQ

зат. 1. Қайырымдылық ізгі іс, рақымдылық. Ж а қ с ы л ы қ ұзақ тұрмайды, Жамандық әркез тозбайды (Абай тілінің сөздігі). Бұл сөзді, ғибрат сол адамзатқа, Тегін қыл ж а қ с ы л ы қ т ы пұлға сатпа (М.Дулатов, Шығ.). Өсерсің әлі, бұл да арман, Ат жалын тартып мінерсің. Ж а қ с ы л ы қ күткен жылдардан, Әкенің жайын білерсің (Т.Молдағалиев, Қош көктем.). Мұндағы мақсатлем алғаш тек ізгілік пен ж а қ с ы л ы қ, татулық пен бейбітшілікпен түрғанын көрсету едіЖас Алаш»). 2. Кісінің я заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа. Өмір сүру дегеніміз іс істеуге бір мақсат болуға тиіс. Ондай мақсат бір ж а қ с ы л ы қ болуы керек. Ол ж а қ с ы л ы қ қиялда ғана болмай, дүние жүзінде бар болып, бар болса бір адамға болмай көпке бірдей болуы керек (Ж.Аймауытов, Шығ.). Жарқырап ж а қ с ы л ы қ т ы ң таңы атпай түр, Түнерген төбемізден Бұлт арылмай. Кек атты, көн терілі, көніп қалған, Сықса да шыдай беру -жұрт жарылмай (А.Байтұрсынов, Шығ.). Мен ж а ц с ы л ы ц іздеймін, қызу қанның өзінен. Мен ж а ц с ы л ы ц іздеймін, бүзылғанның өзінен (Қ.Мырзалиев, Домбыра.). Өнердің дәл осындай мен де иесі, Өнбойым -тек ж а ц с ы-л ы ц дүниесі. Домбырам -он жасымнан жан серігім, Талпындым келтіргенше сөз жүйесін (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).