ЖАҚТАУ

lat: JAQTAÝ

з а т. 1. Есік-терезені, қақпаны орнықтыру үшін ұштарын бір-біріне қиюластырып жасаған ағаш қорап.

Мұқан есікті тартып қалып еді, шарт етіп кілт сынып, есіктің екі жақтауы екі жаққа ұшты (І.Жансүгіров, Шығ.).

Қыз үндемей қалды. Тек еміне түскендей. Кеудесіне дейін терезе жақтауынан шықты (М.Мағауин, Көк мұнар).

Мөлдір шықтар кірпігінен үзіліп кеп сол шақта- ақ, Терезенің жақтауына тамып жатты моншақтап (М.Шаханов, Ғасырлар.).

2. Жүгеннің екі жақ бойы.

Көрінер жүген сұлу жақтауменен,

Құр бекер іс бітпейді қақсауменен.

Бала деп ақылы бар, айласы бар,

Тұсыңа әркім келер мақтауменен йтыс).

3. с ө й л. Ердің екі қапталы.

Ердің екі жақтауы.

4. Каналдың екі жақ бойы, кенересі.