lat: JAQYŃDAÝ
Жақында етістігінің қимыл атауы.
1. Таяу, жақын келу.
Бұл аңдардың жүретін, жататын жерлерін біліп, қай әдіспен ептеп жақындау, қай жағынан бару, қалай оларды алдап қолға түсіруді тапқан (Ш.Айманов, Қыран.).
Комбайнға жақындаудан ұялып, алысыраққа тоқтадым (Б.Нұржекеев, Бір өкініш.).
Айшуақ баласының қасында Шекердің тұрғанын көріп, жақындауға батпады (Ө.Қанахин, Бақыт.).
2. Жолау.
Қарамұрт қасына келді. Қолын ұсынды. - Бой жетіп қалыпсың-ау өзің... - Маған әкемді табыңдар және жақындаушы болмаңдар (Ж.Молдағалиев, Ескі дос).