ЖАҚЫНДЫҚ

lat: JAQYŃDYQ

з а т. Орналасу жағынан таяулық, жуықтық.

Осы теміржолмен өтетін поездар үшін жақындығы жағынан Екібастұз көмірі таптырмайтын арзан отын еді (Қ.Исабаев, Арман.).

Руданың жер бетіне жақындығы   оны экономикасы жағынан тиімді карьерлер арқылы өндіруге мүмкіндік туғызады (М.Бакенов, Қазақст. ресур.).

Өрмекшілер өмір сүрді. Өз жақындығы  қоныстастығы бұзыла бастады (І.Жансүгіров. Әңгім.).