lat: JAQYŃDYQ
з а т. Аралас-құраластық, жуықтық, туыстық
Қыстың күні күлмейді,
Көктемде күлмеген.
Жақындықты білмейді,
Қашықтықты білмеген (Т.Айбергенов, Өлеңд.).
Жасөспірім шақтарында айта қаларлықтай жақындықтары болмағанмен, жігіт жасына жеткен кездерінен қанды көйлек дос санасып кеткен (І.Есенберлин, Маңғыстау.).
Қай қияға қанат қақпас ақындық,
Ойлай берем айтар сөздің затын нық.
Айтарым сол, өмір сырын кең зерлеп,
Шын достықтан аспайды ешбір жақындық (К.Салықов, Жезкиік).
Жақындық сеземін
- Жерден де аспаннан,
Жылылық сезінем
-Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да, әріден басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған (М.Мақатаев, Шығ.)