ЖАҚЫН

lat: JAQYN

з а т. 1 . Ағайын-туған, туысқан- тума, жегжат.

Қыранның даңқы алысқа,

Жат пен жақын, танысқа

Жайылып тегіс кетіп ед,

Көруге кімдер келмеді,

Біріне Есет бермеді,

Бәрі де көңіл етіп ед.Дулатов, Шығ.).

Жақының жат болады алыс болса,

Жат та жақын болады таныс болса.

Сыртыңнан жаман туыс табалайды,

Аяғың бір нәрседен шалыс болсаал ақын, Өлеңд.)

. 2. а у ы с. Араласатын туыстай адам, өз адамы.

Жаманның жақыны жоқ,

Жақсының алысы жоқақалнама).

Жақсыны алыс,

Жаманды жақын көрме,

Жақсы атансаң, басқаның хақын жемеаз. ақын. Шығ.).

3. Ет жақын.

Бірге туган, бауыр, етене жақын. Әй, неге сен тіліңді тигізе бересің менің ет жақын адамдарыма? (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Ағайын ішінде ет жақын туыс едік қой.Сланов, Асау арна).

Ет жақын бір адамдай-ақ сөйлесіп, Амандықты сұрасады әріден (С.Сейтхазин, Тереңде).

Қалайша танымассың?! Ол менің ет жақын бауырым боп кетіп еді ғой («Лен. жас»).