ЖАҚЫН

lat: JAQYN

ү с т. 1. Аралығы жуық, таяу, таман.

Дүниенің опасызын біліп тұрып,

Қылмаймыз хақ бұйрығын мойын салып.

Бір күні ажал жақын жеткен күні,

Мал - пұлың жаныңызды қалмайды алып абан жырау, Алтын қазық).

Аялап беттен сипап, жел еседі,

Ұларым жақын қонып, кеңеседі.

Сондайда бүкіл дүние менікі боп,

Ұлытау иығыма теңеседі (К. Салықов, Жезкиік).

Еримін әнге, содан ба,

Естір деп алысжақын маң,

Мыңсайрам бұлбұл, оған да

Ауылға кел деп шақырғам (Ж. Жұматаев, Ләйлә).

2. а у ы с. Көңілдес, ашына-жайлас.

Тапандар таратты ма, әлде ауыл-үйдің өсегі ме - мені Айғаншамен жақын деген сөз жайылып кетті (Б.Майлин, Шығ.).

Шоқанды «бұл қызбен жақын дейді» деген қаңқуды қүлағы шалған Шыңғыс, мұнысын болашақ келіннің көңілін аулауына жорыған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).

Нұрқан менімен жақын бол деген саған мазақ көрінеді екен? Теңің емеспін ғой тегі (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

3. Дос, тілеулес, ниеті бір.

Ананың сол жүрегі жақын адамын жоғалтып жылауда еді (М.Жұмабаев, Шығ.).

Есікті мен ашпай-ақ, ол өзі кіріп келді. Әрі жақын, әрі жақсы инженер жолдасым екен (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар).

Жан Брнер мен министр екеуі ертеден жақын, араларынан қыл өтпейтін шынайы дос екен (Ә.Шәріпов, Алыс жағалау).

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде,

Ел жиылып, етекті жау басқан жерде.

Жаманды жақыным деп ес санама,

Көңілі күнде оның ер мен төрде абан жырау, Алтын қазық).

Жақының берсең жау болып,

Бермесең құрған ау болып,

Аяғы пәле дау болып,

Ұлғайып пәле қау болып,

Татқан дәм мен тұз кеттіулат Бабатайұлы, Замана.).