зат. 1 . Ағайын-туған, туысқан-тума, жегжат. Қыранның даңқы алысқа, Жат пен ж а қ ы н, танысқа Жайылып тегіс кетіп ед, Көруге кімдер келмеді, Біріне Есет бермеді, Бәрі де көңіл етіп ед (М.Дулатов, Шығ.). Ж а қ ы н ы ң жат болады алыс болса, Жат та жақын болады таныс болса. Сыртыңнан жаман туыс табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса (Шал ақын, Өлеңд.). 2. ауыс. Араласатын туыстай адам, өз адамы. Жаманның ж а қ ы н ы жоқ, Жақсының алысы жоқ (Мақалнама). Жақсыны алыс, Жаманды ж а қ ы н көрме, Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме (Қаз. ақын. Шығ.). 3. Ет жақын. Бірге туған, бауыр, етене жақын. Әй, неге сен тіліңді тигізе бересің менің е т ж а қ ы н адамдарыма? (Ө.Қанахин, Жер бас.). Ағайын ішінде е т ж а қ ы н туыс едік қой (Ғ.Сланов, Асау арна). Е т ж а қ ы н бір адамдай-ақ сөйлесіп, Амандықты сұрасады әріден (С.Сейтхазин, Тереңде). Қалайша танымассың?! Ол менің е т ж а қ ы н бауырым боп кетіп еді ғой («Лен. жас»).