үст. 1. Аралығы жуық, таяу, таман. Дүниенің опасызын біліп түрып, Қылмаймыз хақ бұйрығын мойын салып. Бір күні ажал ж а қ ы н жеткен күні, Мал -пүлың жаныңызды қалмайды алып (Қабан жырау, Алтын қазық). Аялап беттен сипап, жел еседі, Ұларым ж а қ ы н қонып, кеңеседі. Сондайда бүкіл дүние менікі боп, Ұлытау иығыма теңеседі (К. Салықов, Жезкиік). Еримін әнге, содан ба, Естір деп алыс, ж а қ ы н маң, Мыңсайрам бұлбұл, оған да Ауылға кел деп шақырғам (Ж. Жұматаев, Ләйлә). 2. ауыс. Көңілдес, ашына-жайлас. Тапандар таратты ма, әлде ауыл-үйдің өсегі ме -мені Айғаншамен ж а қ ы н деген сөз жайылып кетті (Б.Майлин, Шығ.). Шоқанды «бұл қызбен ж а қ ы н дейді» деген қаңқуды қүлағы шалған Шыңғыс, мұнысын болашақ келіннің көңілін аулауына жорыған (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Нүрқан менімен ж а қ ы н бол деген саған мазақ көрінеді екен? Теңің емеспін ғой тегі (М.Әуезов, Таңд. шығ.). 3. Дос, тілеулес, ниеті бір. Ананың сол жүрегі ж а қ ы н адамын жоғалтып жылауда еді (М.Жұмабаев, Шығ.). Есікті мен ашпай-ақ, ол өзі кіріп келді. Әрі ж а қ ы н, әрі жақсы инженер жолдасым екен (Р.Райымқұлов, Бұрылыстар). Жан Брнер мен министр екеуі ертеден ж а қ ы н, араларынан қыл өтпейтін шынайы дос екен (Ә.Шәріпов, Алыс жағалау). Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, Ел жиылып, етекті жау басқан жерде. Жаманды ж а қ ы н ы м деп ес санама, Көңілі күнде оның ер мен төрде (Қабан жырау, Алтын қазық). Ж а қ ы н ы ц берсең жау болып, Бермесең құрған ау болып, Аяғы пәле дау болып, Ұлғайып пәле қау болып, Татқан дәм мен түз кетті (Дулат Бабатайұлы, Замана.).