ЖАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

lat: JARÝ JUMYSTARY

жарылыс энергиясын пайдаланумен байланысты жұмыстар. Жару жұмыстары тасты жыныстарды қопсытқанда қолданылады, соңынан олар жер қазатын және тас жинаушы механизмдермен өңделеді. Жару арқылы топырақ үйінділері мен бөгеттер салынады, арналар, жолдар үшін ойықтар (лақтырумен) жасалынады, қатқан жер қыртысын қопарады, ағаштарды құлатады, түбірлерді тамырымен жұлады.