ЖАРАПАЗАН

lat: JARAPAZAN

қазақтың (мұсылман елдерінің) маусымдық (календарлық) фольклорына енетін өлең түрі. Оразаның ауыз ашар тұсында, рамазан айында бозбалалар кешқұрым үй-үйді аралап жүріп, әнге қосып айтқан. Кейде сый-садақа дәметкен үлкен кісілер күндіз де айта береді екен. Негізгі сюжеттік желі үй иесін мақтауға құрылып, қайыр-зекет сұралады, соны алғыс айту, бата берумен бітеді. Жарапазан 7–8 буынды жыр және 11 буынды қара өлең түрінде шығарылады. Мысалы: 1. Ассалаумағалейкум, ақ үйлі бай! Ауылыңа келіп қонсын Қыдыр, Сарыбай. Ауылыңа Қыдыр, Сарыбай келіп қонса,. Ауылың аймағымен малға толғай. 2. Үйің, үйің, үй екен, Үйдің көркі ши екен. Саба көркі бие екен, Сандық көркі түйе екен... Қандай байдың үйі екен? Мұқамбет үмбетіне жарапазан! Негимов С.