lat: JARYMJAN
сын. 1. Мүгедек, кемтар .
Бәрі де бар... Басымда бәрі де бар.
Жан емеспін жарымжан дәріге зар.
Жетпейтіні жүректің әні болар,
Бақыт бақтың тарыдай дәні болар (3,191).
Келесі аялдамада трамвайдың алдыңғы басқышынан қапшығын сүйреткен бір қартаң жарымжан адам кірді (4,112).
2. Шала-жансар, жаралы .
Осылай солдат жалынған!
Дәрмені құрып, далада жатыр жарымжан .
Қанаты сынық ақ кептер,
Алдына келіп түскен-ді құлап жалыннан (2, 204).