(грыжа) терінің астындағы көк еттің ыдырауынан болатын ауру. Жарық көбінесе денеге қатты күш түскеннен және қатты арып жүдегеннен пайда болады. Дәстүрлі ортадағы емшілер жарықтың адам бойында пайда болған жеріне қарай шап жарығы, сан жарығы, кіндік жарығы деп жіктейді. Сонымен қатар туғанда ер балалардың кіндігін бір буын артық кескеннен болатын ауру да жарық деп аталады. Шап жарыққа шалдыққанда да ішек шонданайға түсіп кетеді. Кіндік жарық кезінде кіндіктің тұсынан ішек бұлтиып сыртқа шығып тұрады. Сонымен қатар жарық өкпе-бауырмен шек-қарынды бөліп тұратын көк еттің (дифрагма) айырылуынан да болады. Шап кіндік жарық көбінесе сәбилерде кездеседі. Ал жарықтың басқа түрлері көбіне ауруға шалдығып арып жүдегенде немесе зорығып қатты күш түскенде пайда болады.