ЖАРЫҚ БЕРЕТІН ҚҰРАЛДАР

lat: JARYQ BERETİN QURALDAR

түнде соғыс іс-қимылдары уақытында жерді және жекелеген нысандарды жарықтандыруға арналған құралдар. Жарық беретін құралдарға жарық беретін артиллериялық снарядтар, миналар, патрондар (реактивтік және сигналдық пистолеттерден атуға арналған), сондай-ақ жарық шашатын авиациялық бомбалар жатады.