ЖАРЫҚТЫҚ

lat: JARYQTYQ

қазақы ортада бақилық болған адамға байланысты қолданылатын ұғым. Бірақ, жарықтық деп тек көзі тірісі кезінде ел-жұртқа еңбегі сіңген, көбінесе, жасы келіп қайтыс болған сыйлы кісінің аруағын құрметтеу ретінде айтылады. Дәстүрлі қазақы түсінік бойынша, бұ дүниеде ел-жұртқа сыйлы болған адамның аруағы о дүниеден де тірілерге ағайын-туыс, жекжат-жұрат, һәм жолдас-жораларына нұрын шашып, яғни қолдау көрсетіп жүреді екен. Сонымен бірге Тәңірлік дүниетаным мен ғұрыптық жүйенің ең іргелі ұғымдарының бірі болып табылатын жарықтықты қолдану марқұмның аруағын риза етіп, бақилық адамның жатқан жерінің жарық болуына себін тигізеді екен деседі. Жарықтық ұғымын ата-баба жолы дәстүрін қастерлеудің ілкімді принциптері мен нормаларының бірі деуге болады.