ЖАСӨСПІРІМДЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕАТР

lat: JASÓSPİRİMDER JÁNE BALALARǴA ARNALǴAN TEATR

сахналық өнер түрі, эстетикалық, мінез-құлықтық тәрбие мен мектеп оқушыларының көркемдік білім құралдарының бірі. Балаларға да ересектерге арналған театрлық көріністер қойылады: драма, опера, балет, эстрада, қуыршақ театры. Кәсіби балалар және жасөспірімдер театрларымен қатар көптеген театрлардың репертуарында балалар спектаклі болады.