көп мал ұстап, жан қиналатындай еңбекке бара қоймайтын, бірақ мал, табыс табудың оңтайлы жолын меңгерген және ұстанған адамның көшпелі ортадағы атауы. Әдетте, қоңыртөбел дейтіндей орташалау дәулетті болып келеді. Аз ғана малының өзін өте тыңғылықты бағуына байланысты олар қоңды, күйлі келеді. Сондықтан, айналасындағы көршілерге қажетті жағдайда семіз сойыс малы керек болғанда осы сәтті пайдаланып жатыпішер малын қымбат бағаға сатып отырды немесе әлгі малын екі-үш басқа айырбастады. Әдетте, жатыпішер малы көп болмағандықтан жалшы ұстамай үй-іші болып өздері бағатын болған. Жатыпішер той-домалақта, алқалы жиында игі жақсының арасында жүретін сыйлы адамдар қатарына жататын. Қазан төңкерісінен кейін дәстүрлі қазақ социумының ауқаттылары сияқты бұл әлеуметтік категория да үстем тап өкілі ретінде жойылды. Сөйтіп, жатыпішер ұғымы бірте-бірте өзінің баспақы мәнінен айырылып, жалқау, тоғышар, тіпті, алаяқ деген сияқты жағымсыз мағынада қолданылатын болды.