ЖАЗУ

lat: JAZÝ

графикалық элементтер арқылы хабарды (информацияны) сақтап, белгілі бір қашықтыққа жеткізілуін қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Алғашында хабар жеткізу үшін басқа әдістер қолданылған, мыс., пиктография, бирка, керту, вампун, кипу т.б. Жазу жүйесіне белгілердің тұрақтылығы тән, мұнда әр белгі бір сөзді не бірнеше дыбысты белгілейді. Жазудың негізгі төрт түрі бар: идеографиялық, сөздік-буындық (лигографиялық-силлабикалық), силлабикалық және әріптік-дыбыстық (алфавиттік) жазу.