зат. 1. Хатқа түскен, тасқа басылған сөз, ой-пікірдің жазылған көрінісі. Мәукіл өзіне берген қағаздың ж а з у ы н а қараған жоқ. Милиционерге қайтатын қағазға қол қойып, өзіне берді (С.Бегалин, Уақыт.). Ж а з у жаздық, хат таныдық, Болдық азат молдадан (Абай, Тол. жин.). Есік қорганынан табылған әлемге әйгілі Алтын адам жанындағы күміс тостағанға шекілген ж а з у (қазанама) үйсін мәдениетінің бағзыдан жеткен ғажайып үлгілерінің бірі («Жас Алаш»). 2. Жазып кеткені, жазып қалдырғаны, қолжазба. Оның зеректігіне қарай сол кезде Омбы кадетский корпусында, Потаниннің ж а з у ы н а қарағанда, оқу тәртібі өте жақсы қойылған екен (М.Дулатов, Шығ.). Ж.Еленовтың ж а з у ы бойынша Мүхамеджан әлпетті, аласа бойлы, толық дембелше келген кісі екен (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.). 3. Бір адамға ғана тән өзіндік жазу үлгісі, жазуының ерекшелігі. Зинахмет үстелінде әлі ашыла қоймаған конверт жатыр. Әріптері көзіне жылы ұшырады. Ақзейнеп ж а з у ы (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Оразымбеттің жібергені болар деп, қағазды тез ашып қарап едім, ж а з у ы онікі емес, Бақтыгүлдікі екен (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). 4. Дыбыстарды таңбалайтын әріптер жүйесі, әліпби. Үтір мен асты-үстілі ж а з у д а бар, Болуға асты-үстілі көнсең өзің (Абай, Тол. жин.). Мұның үстіне әр халықтың сөйлеу, ж а з у ерекшеліктері де адамның, жердің аттарын атауда түпкі негізінен өзгертіп жіберетіні мәлім (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). Тарихи деректерге қарағанда, Махамбет арабша ж а з у арқылы хат білген (С.Мұқанов, Халық мұрасы). 5. л и н г в. Адам ой-пікірін, хабарын, мағлұматын қағаз, не басқа бір нәрсенің бетіне түсіретін арнайы графикалық таңбалардың жүйесі. Еуропаға ж а з у д ы ң иісі де бармаған заманда ақпаратты мәңгі сақтаудың ілкі технологиясы мен идеясы кімнен шыққанын зерделі жанға ажыратудың еш қиындығы жоқ («Жас Алаш»). Тарихи даму барысында ж а з у д ы ң бірнеше үлгісі пайда болып, дамып отырған: пиктографиялық, идеографиялық, буын, фонетикалық (Ғ.Қалиев, Тіл білімі терм. түсінд. сөздігі). Ж а з у қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған (ҚҰЭ). Осы кезде халыққа жұмбақ болып келген ескерткіштегі екі ж а з у оқылды (Д.Досжанов, Қүм жүтқан.). 6. Орфография, сөздерді дұрыс жазу ережелері. Ж а з у ы тәп-тәуір, сауатты-ақ (Ауызекі). 7. Жазба тіл. Орыс тілі, ж а з у ы -Білсем деген таласы (Абай, Тол. жин.). 8. ауыс. Белгі, нышан. Бірақ, Игнат, дәл сенікі екенін білмедік қой, Маңдайына жазған ж а з у ы, таққан айдары бар дейсің бе, қайдан білейік (Б.Тілегенов, Аққайнар). Қадиша молданың көзіндегі ж а з у д ы оқып, сүюге ыңғайланған ерінді көрді (Қ. Тайшықов, Окт. ұшқыны).