ЖАЗҒЫ

lat: JAZǴY

сын. Жаз кезіндегі. Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті, Ұйқысыз ұзақ таңға Бұлкілдетті. Ұзын жол, жұлдыз жарық, ж а з ғ ы түнді, «Құлагер» деген әнмен күңірентті (І.Жансүгіров, Поэм.). Ержан, Мұқаш -ж а з ғ ы демалысқа Ержанның ауылына келіп жатқан комсомол ұйымындағы рабфак студенттері (М.Дулатов, Шығ.). Қарақтарым, ержеткеннің белгісі ғой, міне, Бұл, Екі әкенің келер күнмен жалғадыңдар жүрегін, - деп жымиды, жанын бір ой тербеткендей тасқынды, Жанарында ж а з ғ ы шықтай екі тамшы жас тұрды (М.Шаханов, Ғасырлар.).