ЖАЗА

lat: JAZA

1. Қылмыстылығы, кінәлілігі үшін тартатын айып, істеген күнәсінің азабы, өтеуі. Қасиетті Құран Кәрімнің, «Иунус» сүресінің 27-аятында: «Жамандық жасағандар сол жамандығына тепеең ж а з а ғ а ұшырайды, қорлыққа жолығады» («Жас Алаш»). Сонымен оны Жұрымбай ж а з а алмайды дейсің бе? (М.Дулатов, Шығ.). Мұсылмандық ережелерден шегінгендер немесе ол ережелерді дұрыс атқармағандар үш түрлі ж а з а ғ а кесілетін еді: бірінші ж а з аапалақтау, екінші ж а з ааяқпен дүрелеу, үшінші ж а з а емір шыбықпен (шомполмен) соғу (Х.Ақназаров, Ислам). 1903 жылға дейін дүре ж а з а с ы қолданылып келді («БК(б)П тарихы»). 2. Себепсіз азаптау, жапа. Мәмлүк заңы бойынша, сұлтан қаһарына ұшыраған әмірдің ең жақын достары да ж а з а д а н құтылмайтын («Парасат»). 3. Кінә, жазық. Жүгіріп Мәжнүн келді «ағатайлап, Ғаріпті неге ұрасың қолын байлап. Сорлының әлде қандай ж а з а с ы бар, Ұқтырып айтыңызшы маған жайлап» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Қайратқа сеніп, қақтықпай, Ж а з а с ы н тауып жауласар. Қатынша тілмен шаптықпай, Майданға шықса жарасар (Абай, Тол. жин.). 4. п е д. Тәлімгерді қандай да бір айыбы үшін жауапкершілікке тартудыц бір турі ретіндегі тәрбиелік мәні бар жазалау шарасы. Соңғы кезде педагогика пәні ж а з а н ы екіге бөліп жүр: 1) Жаратынды ж а з а, 2) жасанды ж а з а. Жаратынды ж а з а қылмыстың өзімен байланысулы, яки нәтижесі сияқты, қылмыстың өзінен туады (Ж.Аймауытов, Шығ.). 5. з а ң. <ағыл. fenalty> Сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматарға қатысты әр елдің қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша ж а з а белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі (ҚҰЭ). Ж а з а н ы қылмыстық іс жүргізушілік низамда белгіленген арнаулы заң тәртібімен сот қана тағайындайдыаң. термин. түс. сөзд.).