lat: JAZA
(ар. жаза جزاء) – сазайын алу, айыбын алу.
Бұл үшін сабыр етіп жинады есін, Қай түрлі жеткізуде жауға жаза («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Егерде патша естісе, жаза беріп, Қаһар ғып өлтіреді тартып дарға («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Орынға дұшпандығы келмеген соң, Дұшпанға соның өзі жаза деді («Мың бір түннің хикаясы». Қисса-дастандар, 1986).
Жаза басу – ағат кету.
Қызға жақын келгенде, жаза басып , Аты сүрініп Иазиттің қалар дейді («Шаһарбан мен Хұсайын». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Жаза тартар үй – зындан.
Зынданшы жүз алтынды қолына алды, Баланы жаза тартар үйге салды («Қисса шаһизада». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Жаза-жәзір – жаза, қысым.
Айтыпты көп ішінде Милат уәзір, Ей, Шаһым, көрмесін жұрт жаза-жәзір («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).