ЖАЗДА

lat: JAZDA

е т. Етістіктерге тіркесіп «шақ қалды, сәл қалды» деген мәнді үстемелейтін көмекші сөз. Үлкен ағам мен бір қыс бірге тұрған көп қыстаудың жанынан өте бергенде көңілім бір бұзыла жаздады (Ө.Қанахин, Жер бас.). Кешетін сазды етікпен Басында ердің аз ба күн. Осынша арманды ертіп мен, Теңізде қирай жаздадым (Т.Айбергенов, Мен саған.). Өткен айда жанар-жағармайдың отына күйіп кете жаздап, көп мазасы болмаған Жыиқышиевты сарапшылар 14 орынға тұрақтатып еді («Жас Алаш»).